72 жастағы америкалық жазушы Томас Хаусер бокс туралы Protect yourself at all times атты кітап шығарды. Бұл кітапта бірнеше боксшының есімдері аталған. Оның ішінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Бокс жанкүйері және актриа Роузи Перес «твиттерде» орта салмақ дәрежесінде WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің де (38-1-1, 34 КО) есімін атап өткен.
«Бұл кітапқа көптеген ұлы боксшылар кірген. Олар: Эррол Спенс, Кит Турман, Геннадий Головкин, Сауль Альварес, Дэниэл Джейкобс, Майки Гарсия, Энтони Джошуа, Мигель Котто және тағы басқалары! Рахмет, Томас Хаузер!» - деп жазды Перес.