Қазақстандық Генадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Behind The Gloves-ке берген сұқбатында британиялық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы айтты.

- Сондерспен жұдырықтасудың пайдасы жоқ. Геннадий бір белбеу жеңіп алмайынша, бұл кездесу керек емес. Егер жекпе-жекке титулдар тігілмесе, оның пайдасы жоқ, - деді Санчес.

Айта кетейік, Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп, өзінде болған чемпиондық белбеулерінің бәрінен айырылған болатын.