Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін өткізу үшін Эль-Пасоға ұшып кетті.

Оның қарсыласы америкалық Вон Александер (12-1, 8 КО) болмақ, кездесу 4 қарашада өтеді.

Айта кетейік, Әлімханұлы АҚШ аймағында екінші рет жұдырықтасқалы отыр. Бұған дейін Жәнібек 29 қыркүйекте колумбиялық Карлос Гальванды төрешілер шешімімен жеңген болатын.