Генадий Головкиннің бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігін бағалады.

«Жыл соңында немесе сәл кешірек Том Леффлер мен Оскар де ла Хойя және оның адамдары осы мәселені талқылайды. Геннадий мен Канело бір-біріне керек, олар фанаттарға қажет. Халық осы жекпе-жекті талап етіп отыр. Канело мен Головкин өздерінің келесі жекпе-жектерін қалай өткізетінін көрейік», - деді Санчес.

Айта кетейік, боксшылардың алғашқы кездесуі 2017 жылы қыркүйекте өтіп, тең аяқталған еді. Ал биылғы рематчта Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Енді боксшылар келесі жылы мамырда үшінші рет рингке шығады деп күтілуде.