2 қыркүйекте Сингапурде Шинкиокушинкай каратэден 17-ші Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ережелеріне сәйкес, қатысушы елдерден әр салмақ категориясында бір балуан өнер көрсетті. Нәтижесінде, қазақстандықтар құрлықтық біріншіліктің жеңімпазы атанып, бірінші орынды иеленді. Төрт салмақ дәрежесінде еліміз каратэшілері үш алтын және бір күміс медаль алды.

Турнирде топ жарған каратэшілер Еркебұлан Бейсембаев (75 келіге дейін), Владимир Артюшин (85 келіге дейін) және Илья Яковлев (85 келіден жоғары). Ал күміс жүлдеге Дмитрий Моисеев (65 келіге дейін) қол жеткізді.