Астанада 6 және 9 қыркүйек аралығында алғаш рет грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Байрақты бәсекеге 21 елден 800-ден астам спортшы қатысады. Чемпионатқа Бразилия, Филиппин, Ресей, Литва, Панама, Испания, Израиль, Франция, Италия, Индия, Украина, Венгрия, Жапония, Польша және грэпплингтің тарихи отаны - АҚШ-та тіркеліп үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, грэпплингтен әлем чемпионаты 6-9 қыркүйек аралығында Астана қаласы "Дәулет" спорт кешенінде өтеді.