7-9 қыркүйек аралығында Атырау қаласында таэквондодан Азия чемпионаты өтеді, деп жазады prosports.kz.

Алғаш рет өткелі отырған Азия ашық біріншілігіне 15 елден 400 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Турнирдің ашылу салтанаты 7 қыркүйек Астана уақыты сағат 9:00-де басталады.

Айта кетейік, Азия біріншілігі аяқтала сала дәл осы Атырау қаласында «KAZAKHSTAN OPEN — 2018» турнирі өтеді. Аталған турнирдің өтетін уақыты 9-11 қыркүйек.