Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстанның қоржыны тағы бір қола медальмен толықты.

Самбодан 90 келіге дейінгі салмақтың қола жүлдесі үшін Қазақстанның қос спортшысы Әлібек Зекенов пен Айбол Айтбек кездескен. Нәтижесінде, Зекенов 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан осы Азиададағы 72 медалін еншіледі. Оның 43-і қола.