Қазақстандық самбошы Бейімбет Қанжанов Азиаданың қола медалі үшін белдесуде жеңіске жетті.

27 жастағы спортшы 52 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ислом Ахмеджановпен кездескен. Қазақстандық самбошы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, Қанжанов Азиаданың қола жүлдегері атанды.

Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева индонезиялық Магдалена Инсті ұтып, турнирдің қола жүлдесіне ие болды.