Азиада-2018. Қоржынымызға самбодан екі медаль түсті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық самбошы Бейімбет Қанжанов Азиаданың қола медалі үшін белдесуде жеңіске жетті.
27 жастағы спортшы 52 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Ислом Ахмеджановпен кездескен. Қазақстандық самбошы қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, Қанжанов Азиаданың қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасында 48 келіде Айжан Жылқыбаева индонезиялық Магдалена Инсті ұтып, турнирдің қола жүлдесіне ие болды.