Нью-Дели қаласында (Үндістан) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарыстың алғашқы екі күнінде грек-рим күресінен жас балуандарымыз бақ сынады. Бірінші күні төрт қола жүлдеге қол жеткізген қазақстандықтар, екінші жарыс күні екі алтын, бір қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте екінші орын алған болатын.

Ал турнирдің үшінші күні боз кілемге шыққан бұрымды балуандарымыз бір алтын, үш қола медаль жеңіп алды.

62 келі. Ирина Кузнецова - алтын50 келі. Марина Закшевская - қола57 келі. Жанерке Ассанова - қола72 келі. Гульназ Жаппарова - қола