Нью-Дели қаласында (Үндістан) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарыстың алғашқы екі күнінде грек-рим күресінен жас балуандарымыз бақ сынады. Бірінші күні төрт қола жүлдеге қол жеткізген қазақстандықтар, екінші жарыс күні екі алтын, бір қола медаль олжалады.

Осылайша, грек-рим күрес шеберлері жалпы командалық есепте екінші орын алды.

60 келі. Ғалым Қабдунасаров - алтын67 келі. Мерей Бекенов - алтын

55 келі. Абдурахманов Арслан 63 келі. Әсембаев Тілек 82 келі. Станислав Рыльский - қола87 келі. Темірбек Санжар 130 келі. Савенко Антон