Спорттық шежіренің сарғайған беттерін парақтасақ, грек-рим күресінен КСРО халықтары Спартакиадасының бас жүлдесін небәрі үш-ақ қандасымыздың олжалағанын аңғарамыз. Олар – Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов және Есенкелді Батырғарин. Алғашқы екеуінің есімі төрткүл дүниеге мәшһүр. Жақсылық та, Дәулет те миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулап, сиқырлы спорт әлеміндегі биік белестердің барлығын дерлік бағындырған. Ал өмірден ерте озған ер мінезді Есенкелді жайында біз не білеміз?