Мәскеуде әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Күрестің үш түрі бойынша Қазақстан құрамасы 319 ұпай еншілеп, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, бірінші орын Ресейге бұйырды (448 ұпай), ал үздік үштікті Иран (295 ұпай) қорытындылады.

Қазақстанның медальдары:ЕРКІН КҮРЕС:КүмісӘділет Давлумбаев (92 кг), Нұржан Өмірбеков (125 кг)ҚолаЕлдос Әбікенов (61 кг), Азамат Шағапұлы (70 кг), Байболсын Құрманбеков (74 кг), Ғалымжан Өсербаев (79 кг), Нұрдәулет Көктеубаев (86 кг).

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ:КүмісНаргиз Икрамова (50 кг), Гулмарал Еркебаева (76 кг), Альбина Қайыргельдинова (65 кг)ҚолаЭмма Тисина (57 кг).

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ:КүмісАманғали Бекболатов (55 кг), Асхат Ділмұхамедов (82 кг)ҚолаМейрамбек Айнағұлов (60 кг), Мақсат Ережепов (77 кг).