Греко-рим күресінің жас балуаны Ерасыл Мамырбеков допингпен ұсталып, спорттан шеттетілді.

Шығысқазақстандық спртшының қанынан тыйым алынған фуросемид дәрмегі табылды. Жақында ғана Дәулет Тұрлыханов жүлдесі үшін өткен жарыста топ жарған спортшының допинг-сынамасы жарыстан тыс кезде алынғаны хабарланды.

Нәтижесінде, Ерасыл Мамырбеков екі жылға үлкен спорттан шеттетілді.

Айта кетейік, Ерасыл Мамырбеков – грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Азия және әлем чемпионатының жүлдегері.

Ерасыл Мамырбеков / Фото испортшының жеке мұрағатынан