Еркін күрестен Қазақстан жастар құрамасы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Journeymen International Camp-2018» халыкаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Еліміздің жас үздік балуандары халықаралық турнирде төрт алтын, екі күміс, бір қола медаль еншіледі. Аталмыш жарысқа Монғолия, АҚШ, Қырғызстан, Ресей, Перу, Эстония, Канада елдерінің спортшылары қатысқанын айта кетейік.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Өкенов Абзал - алтынМелдебек Данияр - алтынЕрғали Әлішер - алтынЭюбов Омар - алтынАбдихамит Әкежан - күмісДзицоев Аслан - күмісАскаров Адлан - қола