Алматыда 2006 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында халықаралық «Наурыз» турнирі басталды. Аталмыш жарысқа Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның командалары қатысуда, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты.«Астана» турнирде екі командамен ойнайды. «Астана-1» ұжымы «Каспий» (Ақтау), «Молния» (Рублевск,Ресей) және «Арыстан» (Алматы) командаларымен бір топта ойнайды.Ярослав Сеттаров шәкірттері дәл осы соңғы алматылық ұжымға қарсы кездесу өткізіп, 4:0 есебімен басым түсті. Ойында Нариман Ахтанбеков дубль авторы атанса, Доминик Аубакиров пен Ысмат Құрманқұл еншілеріне бір голдан жазды. Ал екінші «Астана» командасы Бішкектен келген командамен, қостанайлық «Тобыл» және алматылық «Алаш» командаларымен бір топқа түсті. Оңтүстік астаналықтармен болған алғашқы кездесуде, елордалық команда 1:0 есебімен есе жіберді.Ертең футбол орталығының бірінші командасы ресейлік «Молния» командасына қарсы кездесу өткізсе, екінші команда Қырғызстаннан келген қонақтарға қарсы ойнайды.