ҚКФЛ Әкімшілігі «Ақтөбе» футбол клубының «Қайрат» футбол клубымен 2018 жылғы Премьер-лига командалары арасындағы ҚР Чемпионатының турларымен (III және XIII турлары) алмасуға қатысты ұсынысты қарастырды, деп хабарлайды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты.

Өткен аптада ҚФФ және ҚКФЛ алаңдарды тексеру Біріккен комиссиясы Ақтөбе қаласындағы негізгі және қосалқы стадиондарда анықталған мәселелерге байланысты ресми ойындарды өткізуге тыйым салған болатын.

Бұл фактті есепке ала отырып ҚКФЛ Әкімшілігі турлармен алмасуға тыйым салып, Қазақстан Чемпионатының III тур «Ақтөбе» - «Қайрат» матчын өзге алаңда өткізуге шешім қабылдады.

«Ақтөбе» ФК футболдан Қазақстан Чемпионаты Регламентінің барлық талаптарына сәйкес келетін стадионды таңдап, қысқа мерзімде ҚКФЛ мен «Қайрат» клубына ескерту тиіс.