Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңі аясындағы ОСДЮСШОР - «Жас Ұлан» мен «Оқжетпес» командалары арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Ұлан» футбол алаңында өткен матчта 0:7 есебі тіркелді. Көкшетаулық команда қарсыластарының осал тұсын оңай тауып, сенімді жеңіске жетті. «Оқжетпес» сапынан Нұрлан Даиров төрт гол соғып, покер авторы атанды.

ОСДЮСШОР - «Жас Ұлан» - «Оқжетпес» - 0:7

Гол соққандар: Санат Жұмаханов 20, Виктор Крюков 24, Антон Куксин 57, Нұрлан Даиров 22, 30, 74, 82.

Төрешілер: Санжар Искаков (Қостанай), Никита Мортин (Ақтөбе), Нұржан Жүнісов (Астана).