Алматылық «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсс жақында bombardir.ru сайтына көлемді сұқбат берді. Сұқбат барысында Вайсс Қазақстан жайлы, Алматыдағы қызметі жайлы да сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды prosports.kz сайты. - Қазақстан - өте бай ел. Футболды дамытуға жақсы жағдайлар жасалып жатыр. Инфрақұрылымдары да жаман емес. «Астана» мен «Қайраттың» спорттық базасына қарасаңыз бәрін түсінесіз. Былтыр Астана қаласында өткен Экспо-2017 көрмесінің өзі ол елдің әлеуетін әйгілеп берді. Қазақстанның ірі қалаларында тек футболды ғана емес, басқа да спорт түрлерін дамыту үшін мүмкіндіктер жеткілікті. - «Қайрат» командасындағы жұмысыңызға және нәтижеңізге көңіліңіз тола ма? - Біз Қазақстан кубогын екі рет жеңіп алдық, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуға да өте жақын болдық. Әрі жыл сайын біз «Астанамен» бірінші орынға таласып жүрдік. Бірақ, шынымды айтсам, мен өзіме тапсырылған басты міндетті орындай алмадым. Ол - Қазақстан чемпионатын жеңіп алу тапсырмасы болатын.
Қазақстан футболы
24.03.2018 16:32
Вайсс: Аршавиннің келетінін білсем «Қайраттан» кетпес едім
Ұсынамыз
Комментарии