Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер енді өзін октагонда сынап көрмек.

Мейвезер жақында TMZ Sports-ке берген сұқбатында ММА-ге қатысуға рұқсат берілетін лицензияны алу үшін құжаттарды дайындап жатқанын айтты. Флойд ережесіз жекпе-жекке өтуге қашан сұраным жіберетінін нақты айтқан жоқ, алайда бұл жақын арада болып қалуы ықтимал.

Айта кетейік, былтыр тамызда Лас-Вегаста Флойд Мейвезер UFC чемпионы Конор Макгрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасқан болатын. Бұл кездесуден соң қос спортшы да енді ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізу туралы пікірлерін білдірген еді.