Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа өткеннен кейін шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Ол әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы америкалық Теренс Кроуфордтың қазақстандық боксшының "талқанын шығарамын" дегеніне жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. "Негізінде бұл ұсыныс мен үшін маңызды әрі толғандыратынын айтуға болады, Теренс Кроуфорд - әлемдегі ең танымал есімдердің бірі. Болашақта кездесуіміз мүмкін. Сол кезде біздің жекпе-жектің қалай өрбитінін тамашалай аласыздар", - деді Елеусінов.