Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің андеркартында кімдер өнер көрсететіні анықталды.
Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, екінші жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық титулға тартыс жекпе-жегі өтеді.
WBA чемпионы пуэрториколық Альберто Мачадо (19-0, 16 КО) мен титулға міндетті үміткер ганалық Рафаэль Менс (31-0, 23 КО) кездеседі.