Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес реванш алдында мексикалық Сауль «Канело» Альваресті кемсіте сөйліп, пікір білдірді.- «Канело» екінші жекпе-жек алдында шабуылда жұмыс істеуді үйренді деп үміттенемін. Себебі ол бірінші кездесуде тек қашқалақтаумен уақыт өткізді. Менің бар білетінім, алғашқы жекпе-жектен кейін жанкүйерлер Геннадийге наразылық танытқан жоқ. Реванштың ұйымдастырылуы ұзаққа созылған себебі, Альварестің бірінші жекпе-жектен алған жарақаттары мен нашар әсерлерінен арылуына көп уақыт керек болды, - деді Санчес.