Абель Санчес: Реванштың тым кеш ұйымдастырылуына «Канело» кінәлі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызОрта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес реванш алдында мексикалық Сауль «Канело» Альваресті кемсіте сөйліп, пікір білдірді.
- «Канело» екінші жекпе-жек алдында шабуылда жұмыс істеуді үйренді деп үміттенемін. Себебі ол бірінші кездесуде тек қашқалақтаумен уақыт өткізді. Менің бар білетінім, алғашқы жекпе-жектен кейін жанкүйерлер Геннадийге наразылық танытқан жоқ. Реванштың ұйымдастырылуы ұзаққа созылған себебі, Альварестің бірінші жекпе-жектен алған жарақаттары мен нашар әсерлерінен арылуына көп уақыт керек болды, - деді Санчес.