Төрешілер тобы Түркияда өткен оқу-жаттығын аяқтап, елге оралды.

Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті жоспарға сәйкес оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Оқу-жаттығу жиынында алға қойылған мақсаттар орындалды:

- төрешілердің тәжірибелік дағдыларын қалыпқа келтіру және нығайту;

- жарыс алдындағы кезеңде төрешілердің маусымға дайындық деңгейін анықтау;

- функционалдық және арнайы дене дарялығының деңгейін көтеру;

- алдағы маусымның даярлығына қатысушылардың психологиялық дайындығы;

- теория, әдістеме және төрешілер тәжірибесі саласында білім беруді жетілдіру;

Сонымен қатар, оқу-жаттығу жиынына қатысушылар дене даярлығы, теория мен төрелік етудің әдістемесі бойынша нақты нормативтерді тапсырды.