Ресейлік «Уфаның» 18 жасар шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

«18 жасар Еркебұлан Сейдахмет алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылып отыр. Бұл құрама 23 наурызда Венгриямен, 26 наурызда Болгариямен жолдастық кездесулер өткізеді», - деп жазған «Уфаның» баспасөз-қызметі.