Франциялық қорғаушы Себастьян Скиллачи қазір алматылық «Қайратта» ойнайтын Андрей Аршавинмен бірге лондондық «Арсеналда» қалай ойнағанын айтты.

- Андрей Аршавин есіңізде ме?

- Әрине! Олар тамаша, ғажайып ойыншы. Киім ауыстыратын бөлмеде бәріне күліп қарайтын. Ол француз стереотиптеріне қатысты қалжыңдайтын, ал мен орыстар туралы қызықтарды еске түсіретін едім. Көңілді уақыт болатын. Ресей үшін ол аңыз екенін білемін.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Қазақстан Суперкубогында Аршавин «Қайраттың» сапында елордалық «Астанаға» 0:3 есебімен жол берген. Ресейлік футболшы екінші таймда өз орнын әріптесіне ауыстырды.