«Астана» ойыншылары Суперкубок үшін өткен кездесуде алматылық «Қайратты 3:0 есебімен жеңді.

Осы кездесуде Марин Томасов дубль авторы атанды. Хорватиялық ойыншы елордалық команданың екінші және үшінші голын соғып, клуб тарихындағы үшінші Суперкубокты жеңуге өз үлесін қосты. Осы нәтижесі жанкүйерлер назарынан тыс қалмай, Марин 73,2% дауыс жинап, үздік атанды.

Екінші орында осы кездесудегі екі нәтижелі пастың авторы Дмитрий Шомко. «Астана» командасының вице-капитаны 6,8% дауысқа ие болды.

Үздік үштікті Патрик Твумаси қорытындылады. Ганалық ойыншы аталмыш кездесуде гол соға алмағанымен, дәл осы ойыншының тепкен добынан кейін, Иван Маевский қарымта соққы бағыттап, кездесуде есеп ашқан еді. Үздік бестік: 1. Марин Томасов - 73,2% 2. Дмитрий Шомко - 6,8% 3. Патрик Твумаси - 6,3% 4. Ненад Эрич - 4,8% 5. Абзал Бейсебеков - 2,3%

Дауыс беруге барлығы 3 479 адам қатысты.