Үш қазақстандық конькиші 1000 метр қашықтыққа жүгіру сайысында үздіктер қатарына іліне алмады. Бұл туралы ұлттық Олипиада камитетінің ресми сайты хабарлады.
Отандастарымыз арасынан ең жоғары нәтижені Денис Кузин көрсетті - 27-ші орын. Станислав Палкин 29-шы сатыда жайғасса, Федор Мезенцев сайысты 33-ші орында аяқтады.
Ал жеңіс голландиялық Кьелд Нуиске бұйырды. Күміс жүлдені норвегиялық Хавард Лоренцен иеленсе, кореялық Ким Та Юн үздік үштікті қорытындылады.
- Әлі де көп еңбек етуіміз керек. Егерде маған тағы мүмкіндік берілсе, алдағы екі жылда Азия ойындарына дайындаламын, - деді Денис Кузин.
Коньки тебу спорты
Ерлер, 1000 метр
1. Кьелд Нуис (Нидерланды) - 1:07.952. Хавард Лоренцен (Норвегия) - +0.043. Ким Та Юн (Оңтүстік Корея) - +0.27
...27. Денис Кузин (Қазақстан) - +2.1829. Станислав Палкин (Қазақстан) - +2.1933. Федор Мезенцев (Қазақстан) - +2.67
Комментарии