Денис Кузин - 27-ші нәтиже көрсетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҮш қазақстандық конькиші 1000 метр қашықтыққа жүгіру сайысында үздіктер қатарына іліне алмады. Бұл туралы ұлттық Олипиада камитетінің ресми сайты хабарлады.
Отандастарымыз арасынан ең жоғары нәтижені Денис Кузин көрсетті - 27-ші орын. Станислав Палкин 29-шы сатыда жайғасса, Федор Мезенцев сайысты 33-ші орында аяқтады.
Ал жеңіс голландиялық Кьелд Нуиске бұйырды. Күміс жүлдені норвегиялық Хавард Лоренцен иеленсе, кореялық Ким Та Юн үздік үштікті қорытындылады.
- Әлі де көп еңбек етуіміз керек. Егерде маған тағы мүмкіндік берілсе, алдағы екі жылда Азия ойындарына дайындаламын, - деді Денис Кузин.
Коньки тебу спорты
Ерлер, 1000 метр
1. Кьелд Нуис (Нидерланды) - 1:07.95
2. Хавард Лоренцен (Норвегия) - +0.04
3. Ким Та Юн (Оңтүстік Корея) - +0.27
...27. Денис Кузин (Қазақстан) - +2.18
29. Станислав Палкин (Қазақстан) - +2.19
33. Федор Мезенцев (Қазақстан) - +2.67