Беларусь президенті Александр Лукашенко биатлон эстафетасында жеңіске жеткен Динара Әлімбекова, Надежда Скардино, Дарья Домрачева және Ирина Кривконы орденмен марапаттады.

Айта кетейік, қазақ қызы Динара Әлімбекова Олимпиада чепионы атанды. Әйелдер эстафетасын сенсациялық түрде Беларусь ұтып алған. Бұл құрама сапында қазақ қызы өнер көрсетіп жүр. 1996 жылы Қарағанды облысында туған Динара 3 жасында ата-анасымен Минскіге көшкен. Соңғы сұхбатында ол өзін беларус деп санайтынын айтты.