«Астананың» бас бапкері Станимир Стоилов болгариялық sportal.bg сайтына берген сұқбатында әлі де болса Еуропа елдерінен ұсыныс күтіп жүргенін айтқан.

"Мен мықты чемпионаттарда бақ сынап көргім келетінін айтып жүрмін. Әлі де болса осы бағытта жұмыс жасап көретін боламыз. Алайда, қазірше Сербиядан басқа елдерден тұшымды ұсыныс түспей тұр. «Астананы» да жоспардан мүлде сызып тастадым деймеймін. Олармен де келіссөздер жүргіземіз. Менің қандай шешім қабылдайтыным жақын күндері белгілі болады", дейді болгариялық бапкер.