Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін отандық бапкер Талғат Байсуфинов ұстауы мүмкін.

Бізге жеткен ақпарат бойынша, Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов Ұлттық құраманың бас бапкерлігіне Талғат Байсуфиновты қайтармақ. 49-жастағы маман Ұлттық құраманы 2016-2017 жылы жаттықтырған болатын.

Айта кетейік, ҚФФ бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қызметінен кеткеннен соң Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Александр Бородюк орнын босатады деген сыбыс шыққан. Себебі ресейлік маманды Қазақстанға Қаныш Әубәкіров шақырған еді. 55-жастағы ресейлік маман футболдан Қазақстан құрамасының тізгінін осы жылдың 27 ақпан айынан бері ұстап келеді. Бородюктың қол астында Қазақстан құрамасы жеті ойын өткізген. Оның алтауында жеңіліс тапса, біреуінде тең түскен.

Ал жылдың қорытындысы бойынша ФИФА рейтингінде біздің құрама 137-ші орынға бір-ақ сырғыды.