Германияның transfermarkt.de сайтының мәліметтеріне сүйене отырып қарастырсақ, «Астана» командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне қатысушы 32 клубтың ішінде 31-інші орында тұр.

Бұл дегеніңіз 1/16 финалға шыққан командалар ішінде біздің «Астанадан» арзан бір ғана команда бар деген сөз. Қазақстандық клубтың ойыншыларының құны 20,65 миллион евроны құрайды. Ал бізден кейінгі орында тұрған швециялық «Эстерсунд» командасының құны бар болғаны 12,2 миллион екен.