Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Гафуржан Сүйімбаев Түркия біріншілігіне ауысуы мүмкін.

Бұл туралы ресейлік Euro-football сайты хабарлады. Әзірге Гафуржан Сүйімбаевке қызығушылық танытқан команданың аты құпия.

Айта кетейік, Гафуржан Сүйімбаев алматылық «Қайратқа» 2016 жылдың жазында ауысып келген болатын. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық құрамасына тұрақты шақырту алады.