26 қараша күні AFC тұжырымы ұйымдастыратын QAZAQ 70 турнирінде өнер көрсететін спортшылар белгілі болды.Гран-Приде еліміздің барлық аймағынан жиналған 14 файтер өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпазға 10 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

Жекпе-жектер картасы:
Артем Резников — Мырза ЕркенбековНұржан Тұтқа — Еркін ДәрменовАзамат Бақытов — Мұрат БақторазовНұржан Әкішев — Беймұрат НиязовМедет Базарбеков — Олжас ЕсқараевМұратбек Қасымбай — Жолдабай НұржанАлтынбек Бақытгелдиевтің қарсыласы жарақатына байланысты турнирден шығып қалды. Оның орнына басқа спортшы шығады. Басты жекпе-жекке Қуат «Найман» Хамитов пен ирландиялық Питер Куилли шығады.
Айта кетейік, турнир 26-қараша күні «Алматы Аренада» өтеді. Басталуы 18:00-де.