Ресей астанасы Мәскеу қаласында аралас жекпе-жектен өткен M-1 Challenge 85 турнирінде қазақстандық спортшы Арман Әшімов (6-2-1) бразилиялық Эрвани Родриго Серра Мелониоға (16-2) қарсы жекпе-жек өткізді.

Кездесудің алғашқы кезеңінде Арман Әшімов қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті. Жекпе-жекке дайындықтың қалай өткені, Арманның алдына қандай жоспар қойылғаны және келесі кездесуі қашан өтетіні жайлы спортшының бапкері Нұрлан Аманқұлов айтып берді.

- Жекпе-жекке дайындық қалай өтті?

- М1 Global тұжырымы бойынша ММА федерациясының қолдауымен екі кезеңнен тұратын оқу жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Алғашқы кезең қыркүйекен, екіншісі қазан айында өткен. Арман жарыс алдында Еңбекшіқазақ ауданындағы спорт базасында дайындығын пысықтады.