Halyk Arena мұз айдыныңда «Алматы» хоккей командасы Қазақстан чемпионаты аясында «Арлан» клубын қабылдады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ел біріншілігі аясындағы ойындардың бірінші күні арландардың жеңісімен аяқталды.Кездесуді алаң қожайындары сенімді бастап, қарсыластар қақпасына бір шайба соқты. Алайда, екінші кезеңде қонақтар басымдық танытып, есепті теңестіре алды, 1:1. Үшінші кезеңде ұпай сандары өзгеріссіз қалғанымен, қосымша уақытты сәтті пайдаланған көкшетаулық xоккейші Артем Гурдилев соңғы секундтарда шайба соғып, "Арлан" командасына жеңіс сыйлады.