русский язык
Хоккей

«Алматы» ХК көкшетаулық «Арланмен» кездесті

news-banner7
mobile-news-top

Halyk Arena мұз айдыныңда «Алматы» хоккей командасы Қазақстан чемпионаты аясында «Арлан» клубын қабылдады, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ел біріншілігі аясындағы ойындардың бірінші күні арландардың жеңісімен аяқталды.Кездесуді алаң қожайындары сенімді бастап, қарсыластар қақпасына бір шайба соқты. Алайда, екінші кезеңде қонақтар басымдық танытып, есепті теңестіре алды, 1:1. Үшінші кезеңде ұпай сандары өзгеріссіз қалғанымен, қосымша уақытты сәтті пайдаланған көкшетаулық xоккейші Артем Гурдилев соңғы секундтарда шайба соғып, "Арлан" командасына жеңіс сыйлады.

- Овертаймның соңғы минутында шайба соғып, алға шықтық. Мұндай сәттер сирек кездеседі. Бұл ұмтылысымыз сәтті шықты деп ойлаймын. Егер команда соңына дейін берілмей, ойнауға тырысса, жеңіске жете алады, - деп атап өтті "Арлан" шабуылшысы Артем Гурдилев.

Көкшетаулық «Арлан» мен алаң қожайындарының екінші кездесуі «Алматы» командасы үшін сәтті басталды. Матчтың бірінші кезеңі 0:0 есебімен аяқталғанымен, екінші кезеңде алматылық Алексей Кисилев шайба соғып, команда қоржынына бір ұпай салды. Алайда, үшінші кезеңде қарсыластар ұпай санын теңестіріп, есепті 1:1 жеткізді. Жарыс ережелеріне сәйкес қосымша бес минут берілді. Өкінішке орай, бұл кездесуде де «Алматы» командасы жеңіске жете алмады, есеп 2:1.

Айта кетер жайт,екі команда Қазақстан чемпионаты аясында 47 рет кездескен болатын (6-41).

Естеріңізге сала кетсек, осы маусымадғы сырт алаңдағы ойында алматылық ұжым Арлан клубынан екі мәрте ұтылып қалған болатын.

Енді, келесі кездесулерін алматылықтар Halyk Arena мұз айдыныңда «Горняк» командасымен қазанның 31-і және қараша айының 1-і күндері 19:00-де өткізетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;