Бүгін Halyk Arena мұз сарайында әуесқой командалар арасында АЛХЛ лигасының кездесулері өтті, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бірінші болып алаңға "Арлан" және "Николь" командалары шықты. Хоккей әуесқойлары қызықты да тартысты ойын үлгісін көрсетті. Бірінші кезеңнен-ақ, арландар басымдық танытты. Қарсыластар есепті теңестіруге тырысқанымен, үш ұпай айырмасымен жеңіліп қалды. Матч 6:3 есебімен, "Арлан" xоккейшілерінің жеңісімен мәресіне жетті.