Ақтөбеде 27 қыркүйек күні дзюдодан Президент кубогы басталады.

Аталмыш жарыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Айта кетерлігі, дзюдошылар команда бойынша сайысқы түседі. Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтеді.