Алматыда 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Халық Арена» спорт сарайында грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өтеді.

Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) ресми сайтының хабарлауынша, турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар табысталып, ұйымдастырушы комитеті арнайы дайындаған қаржылай сыйақымен марапатталады.

1 орын - 3.000 $

2 орын - 2.000 $

3 орын - 1.000 $

Чемпионның бапкеріне - 1.000 $

Сонымен қатар, турнирде чемпион атанған қазақстандық спортшыларға «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы беріледі.

Естеріңізге салайық, жарысқа Ресей, Иран, Корея, Венгрия, Беларусь, Грузия, Украина, Армения, Польша, Грекия, Түркия, Литва, Таиланд, Тәжікстан, Қырғыстан, Өзбекстан және тағы басқа әлем мемлекеттері қатысады. Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген жарыс олимпиадалық ойынға жататын алты - 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.