Сағындырған Чемпиондар лигасы бүгін қайта жалғасын табады. Жанкүйерлерді көптеген қызықты матчтар күтіп тұр. Демек, болжам жасау да қызық болмақ.

Чемпиондар лигасы. Топтық кезең

«Севилья» - «Морибор» 26.09.2017, 00:45

Соңғы жылдары Еуропада испаниялық клубтар үстемдік құруда. «Севилья» сынды азулы ұжымға өз алаңында «Мориборды» ұту қиындық туғыза қоймас. Оның үстіне, «Энфилдте» «Ливерпульден» бір ұпай тартып алған испаниялық ұжым топтан бірінші орынмен шығуға үміттеніп отыр. Сондықтан, «Морибор» секілді клубтарды ұтуға міндетті. Өкінішке қарай, испаниялықтардың жеңісіне аз коэффициент ұсынылғандықтан, мен кем дегенде екі гол айырмашылығымен ұтады деген болжамға тоқталдым.

Бәс: «Севильяның» форасы (-1,5) – 1.5 коэффициент

Чемпиондар лигасы. Топтық кезең

«Боруссия» Дортмунд – «Реал Мадрид» 26.09.2017, 00:45

«Корольдік клуб» үшін биылғы маусым сәтсіз басталды. Роналдудың матчтардан шеттетілуі, негізгі ойыншылардың жарақаттануы – осының бәрі ұпай жоғалтуға алып келді. Бірақ бұл ішкі чемпионатта. Ал Чемпиондар лигасында клуб мүлдем басқаша ойнайды. Мадридтік команда биыл қатарынан үшінші рет Кәрі құрлықтың үздігі атануды мақсат қылып отыр. «Боруссия» да оңай шағылар жаңғақ емес, оның үстіне, өз алаңында олар «Реалдан» ұтылып көрмеген. Бірақ кез келген серияға нүкте қойылатыны анық. Бүгін сол күн туып тұр деген сенімдемін – «Реалдың» жеңісі. Тәуекел...

Бәс: «Реал Мадридтің» жеңісі – 2.43 коэффициент

Экспресс:

«Севилья» - «Морибор»: «Севильяның» (-1,5) форамен жеңісі – 1.5 кф

«Боруссия» Дортмунд – «Реал Мадрид» «Реалдың» жеңісі – 2.43 кф

Жалпы: 3.72 кф