Күзетшілер қытайлық «Чжэцзян Итэн» клубының ойыншыларын сабап тастаған. Бұл оқиға ұлттық чемпионатта «Юньнань Лицзянге» қарсы матчтың үзілісінде болған.

Бірінші таймнан кейін киім ауыстыратын бөлмеде жарық өшіп қалып, ішке он шақты күзетші кірген. Сөйтіп, олар футболшыларды соққының астына ала бастаған. Нәтижесінде бірінші таймда гол соққан Эрпат Дилшат ауыр жарақат алды. Ойыншының қаншалықты қауіпті жарақат алғаны белгісіз.

Бұл оқиғаға қарамастан, матч 50 минуттан соң қайта жалғасын тапқан.

«Чжэцзян Итэн» өкілдері Қытай футбол федерациясына ресми шағым түсірді, бүгінде тексеріс жүріп жатыр. Күзетшілер матч төрешілерін футболшылардан қорғағанын айтып, ақталуда.

Ал кездесу 1:1 есебімен аяқталды.