«Астана»-«Славия» арасындағы ойын билеттері стадион кассаларына сатылымға шықты.
Матч билетінің құны 1000 теңге мен 5000 теңге аралығында. Студенттер мен оқушыларға 50% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге (зейнеткер екендігін дәлелдейтін құжатын көрсеткен жағдайда) ойынға кіру тегін.
Стадион кассалары сағат 10:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істейді. Ал ойын күні матч соңына дейін және де матч билеттерін ticketon.kz сайтынан онлайн сатып ала аласыздар.