Оқу-жаттығу жиынында біздің команда екі жолдастық кездесу өткізбек.

Оқу-жаттығу жиыны 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне негізгі дайындық болмақ. Біздің футболшылар іріктеу турнирінде Франция, Словения және Беларусь құрамаларымен алтыншы топқа түсті.

Назарларыңызға оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар: Сергей Кляхин («Оңтүстік»), Евгений Ситдиков («Ақтөбе»), Дулат Батырханов («Қайрат»);

Қорғаушылар: Әділжан Марасулов, Әлихан Қабдрашит, Темірлан Қылаш (барлығы - «Ертіс»), Жавлонбек Бабаназаров, Жалғас Жақсылықов, Асылбек Нұрсейіт, Бекзат Иманғазиев, Дәуренбек Жүсіпов («Оңтүстік»), Бекзат Мұхамедәли («Монтажник»), Әділжан Дүйсембаев («Астана»), Руслан Жарлаев («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Илья Дёмин, Фёдор Неумывакин, Ұлықбек Қайтмұратов, Дархан Меделхан («Қайрат»), Хамит Шәміл («Оңтүстік»), Әлішер Әжімов («Ақтөбе»), Дмитрий Савченко («Қызыл-Жар СК»), Станислав Басманов («Астана»);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырёв («Қайрат»), Даниял Закария, Алияр Мұхамед («Оңтүстік»).

Жаттықтырушылар штабы: Игорь Свечников – аға жаттықтырушы, Иван Азовский – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ерлан Махамбедиев – аға жаттықтырушының көмекшісі, Родионов Николай – қақпашылардың жаттықтырушысы, Сергей Елисеев – дәрігер, Владимир Долганов – массажист, Самат Дербісбаев – әкімші, Мұзаффар Абдулсатаров – менеджер.