«Ювентус» клубының 41 жастағы президенті Андреа Аньелли билет сату кезінде қулық айла-амалдар жасағаны үшін футболдан шеттетілді.

Италия футбол федерациясы Андреа Аньеллиді алып-сатарлармен серіктес болды деп айыптады.

Президенттің алаяқтығы «Ювентус» клубын айналып өтпеді. Нәтижесінде, командаға 300 мың еуро айыппұл салынды.

Прокурорлар президенттің футболдан 2,5 жылға шеттетілуін талап етті. Алайда, қорғаушылар бір жылдық шеттету мен клуб тарапынан 300 мың еуро айыппұл төлеу үкімін қорғап қалды.

Андреа Аньелли — танымал италиялық әулеттен тараған. Туриндік клубта 2010 жылдан бері басшы болып келеді.

Айта кетейік, Аньелли еуропалық клубтар ассоциациясының басшысы және УЕФА-ның атқарушы комитетінің мүшесі.