Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

- Расында жігіттер керемет бокс кешін сыйлады. Көрермендер арасында отырған Майк Тайсонның өзі бірнеше рет орнынан атып тұрып ризашылығын білдіріп жатты. Кездесудің тең болуы себептері: біріншіден бүгін Мексика халқының тəуелсіздік күні. Егер жеңісті Генаға берсе осынша халықтың айтулы мерекесінде 122 миллионға жуық мексикалықтардың көңіл күйі əп сəтте жер болатыны. Екіншіден беделді промоутер (мексикалық) Оскар Де Ла Хойяның ықпалы бұл жерде өте күшті. Негізі жекпе-жекте Гена көптеген раундта қарсыласын тықсыра қуа отырып, өз басымдығын көрсетіп ұпай санымен жеңді, бұған күмəн жоқ. Бірнеше раунд теке тіресте тең өткені де рас, соның ішінде Сауль Алварес тек екі раундта ғана жойқын соққысын дарытып басымдығын байқатты. Негізгі жеңіс біздікі. Бұл менің ойым, өз пікірім, - деп жазды Ардақ Назаров Instgram парақшасында.