Ережесіз жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (20-1) Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан ONE Championship кешінде жеңіске жетті.

Турнирдің басты кездесуінде жерлесіміз филиппиндік Джехе Эустакионы (9-5) тізе бүктірді. Үш раундтық форматта өткен айқас Ахметовтің пайдасына шешілді. Осылайша, Қайрат кәсіпқой мансабындағы 21-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Эустакио үшін бұл алтыншы жеңілісі болды.